Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2023

Қаңтар оқиғасы: Алматыдағы сотта жәбірленушілер айыпталушылардың ешбірін тани алмады

0
Қаңтар оқиғасы: Алматыдағы сотта жәбірленушілер айыпталушылардың ешбірін тани алмады

Бүгін, 30 қаңтарда Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған 25 адамның сотында жәбірленушілер жауап берді. Істі болып жатқандардың 24-і тірі, біреуі қаза тапқан. 30-дан аса жәбірленуші тіркелген. Олардың арасында Алматы әкімдігінің бірнеше басқармасы, Алматыдағы президент резиденциясы, Қаңтар оқиғасы кезінде тоналды делінген қару-жарақ дүкендері мен коммерциялық нысандар бар. Бұдан бөлек, "дүрбелең кезінде жарақаттандым" деген әскерилер мен полицейлер де жәбірленуші ретінде жауап берді.

"4 қаңтар түнде алаңға жиналған адамдар әкімдікке қарай шабуыл жасады. Біздің өзіміз не болғанын түсінбей қалдық. Бізді жапырып, таптап, әкімдікке басып кірді. Сол жерден бас сауғалап қашып, "Газел" автокөлігіне, өзімнің әріптестерімнің қасына барып отырдым. Әкімдікке басып кірген соң қайтадан шығып, біздің қызметтік көліктерімізді өртей бастады. Көлігімізді қатты шайқаған соң "тоқтаңдар, шығамыз" дедік. Қалай шықтық, бізді ұрып, соққының астына алды" деді 4 қаңтарда Алматы әкімдігінде болғанын айтқан жәбірленуші полицей Нұржан Алмақұнов.

Өзге жәбірленушілер де дүрбелең кезінде соққыға жығылғанын айтты. Бірақ олардың ешқайсы айыпталып жатқан 25 адамды тани алған жоқ.

Жәбірленушілерге айыпталушы тараптың адвокаты Жалғас Сапарханова "25 адамның ешқайсын нақты мынау деп көрсете алмасаңыздар, қандай талап қоймақшысыздар?" деп сұрады.

Бұл сұраққа жәбірленуші бір полицей "Енді бұл кісілердің бәрі сол жерде болғандар ғой. Құрдан-құр болған жоқ қой. Ол жерде бос жүрген адам болған жоқ. Ол жерде бәрі бізге қарай, полиция тарапына қарай жүгіріп, шешінуімізді талап етіп, "бізге қосылыңдар" деді. Біздің қызметтік автокөлігімізді талқандап, қызметтік киімімізді жыртты. Оның бәрі құрдан-құр емес қой" деп жауап берді

Тағы бір жәбірленуші Рамиль Мұхамедов (зейнетке шыққан әскери) 5 қаңтар күні өзі айдап шыққан "Камаз" әскери көлігіне әлдекімдер шабуыл жасап, тартып алғанын айтты. Бірақ ол да айыпталып жатқандар арасынан көлігін тартып алғандарды көрсете алған жоқ, өзі мінген «Камаздың» нөмерін де шатастырып алды.

Мұхамедов әскери бөлімге тиесілі «Камаздың» өртеніп кеткенін, бірақ нақты кім, қалай өртегін білмейтінін айтты.

Айыпталушыларға "Жаппай тәртіпсіздік", "Ұрлық", "Билік өкіліне күш көрсету", "Күзетілетін ғимаратқа заңсыз кіру", "Қару ұрлау" сияқты бірнеше айып тағылған. Істі болып жатқан 25 адамның біразы өзіне тағылған айыппен келіспейді. Айыпты жартылай және толық мойындап, амнистия кабылдауды сұрап отырғандар да бар. Соттың келесі отырысы 1 ақпанға белгіленді.

Быльыр 2 қаңтарда Жаңаөзенде сұйытылған газ бағасының қымбаттауына қарсы халық наразылыққа шыққан. Елдің басқа аймақтарында да Жаңаөзенді қолдаған бейбіт митингілер өткен. Кейін наразылыққа  тәртіпсіздікке ұласып, кемі 238 адам қаза тапты. Алматы қанды оқиғаның ең ірі ошағы болды. Мұнда 139 адам қаза болды.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда әкімдік ғимараты мен президент президент резиденциясы, ірі дүкендер мен банктер қирады. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қаңтардағы мәлімдемесінде "террорист бандиттер ірі инфрақұрылымдарды, Алматыдағы әуежай мен ондағы бес ұшақты тартып алғанын" айтқан еді. Бірақ оның "террорист бандиттер" деген сөзіне осы күнге дейін нақты дәлел болмады.





Губернаторы России
Москва

Сергей Собянин: Музею-заповеднику "Царицыно" – 40 лет





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» легально изготавливает армии и спецслужбы. 6 серия. СЕРЬЁЗНЫЙ НОВОСТНОЙ СЕРИАЛ.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: Музею-заповеднику "Царицыно" – 40 лет



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Пианист

Пианисту провели уникальную операцию в Воронеже




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

VK Fest 2024: Музыка и Развлечения на Открытых Площадках России

Волонтеры Президентской академии в Санкт-Петербурге вносят свой вклад в развитие и повышение доступности спорта для граждан

На ВДНХ пройдет Удмуртский национальный праздник Гербер


Ролан Гаррос

Соболенко победила на старте открытого чемпионата Франции по теннису



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Мария Багреева: на 11% вырос оборот столичной пищевой промышленности за год



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России