Алматылықтар Бірлік күнін тойлап жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Оңтүстік астаналықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлап жатыр. Республика сарайының алдында көрме ұйымдастырылып, онда көптеген ұлттардың салт-дәстүріне сай қолөнер туындылары мен ұлттық тағамы, киімдері қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.