Мексикада автобус құздан құлап, 18 адам қаза болды
МЕХИКО. СИНЬХУА-ҚазАқпарат - 30 сәуірге қараған түні Мексиканың батысындағы Наярит штатында жолаушылар автобусы жардан құлап 18 адам мерт болды, тағы 33 адам жарақат алды. Бұл туралы жексенбі күні жолданған штат коммюникесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.