Түркістан облысында ата-анасының қарауынсыз қалған 9 бала суға батып кеткен
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері ата-анасының қарауынсыз қалған 9 бала суға батып кеткен. Бұл туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Қанат Қарабалаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.