Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті - мүмкіндіктер мекені
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті еліміздің көптеген ғылыми және кәсіптік салаларында студенттер мен магистранттар үшін аса маңызды зерттеу институттарының бірі және бірегей оқу ортасы болып табылады. Университет әртүрлі және халықаралық профессорлық-оқытушылық құрам мен студенттерді тартуға, жаһандық мәселелер бойынша зерттеулер мен оқытуды қолдауға, сондай-ақ әртүрлі шет елдермен және аймақтармен академиялық қарым-қатынас орнатуға көп көңіл бөлуде. Бұл университет қызметінің барлық бағыттарын, білім мен оқуды ең жоғары деңгейіне жетуге жағдай жасайды.
Университетімізде сапалы білім алуға тырысатын әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Қазақстандағы ең ірі және ең бай кітапханалардың бірі ҚазҰУ-нің қалашығында орналасқан. Әбу Насыр әл-Фараби кітапхана- мұражайы әрбір қонақ үшін ашық....