СҚО-да 5 жасар бала табиғат аясына ата-әжесімен шығып, жоғалып кеткен
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көл басына ата-әжесімен серуенге шығып, ойнап жүріп адасып кеткен бала аман-есен табылды. Оны сол маңда рейдте жүрген табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкері байқап қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.