Ақмола облысында биыл 5,2 миллион гектарға дән себіледі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында биылғы жылы барлығы 5,2 миллион гектар алқапқа дән себіледі. Оның 4,7 миллион гектары дәнді, 355 мың гектары майлы дақылдар. Бұл туралы аймақ басшысының төрағалығымен өткен «2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізу туралы» облыстық агрокеңесте облыс әкімінің орынбасары Мәлғаждар Тәткеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.