Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев елде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеді. Ол тиісті жарлыққа қол қойылғаны жөнінде Олий Мажлис палаталары, партиялар, сот және атқарушы билік басшыларымен референдум нәтижесіне арналған кездесуде айтты. ҚазАқпарат бұл туралы Газета.uz-ге сілтеме жасап хабарлайды.