Тыл ардагері Қазима Хасенованың еңбек жолы ұрпаққа үлгі
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Соғыстың қиын кезеңінде еңбектің ащы дәмін, заманның тауқыметін тартса да, еш мойымай, саналы ғұмырында бар күш-жігерін елі үшін жұмсап, өзгелердің сый-құрметіне бөленген азаматтар еліміздің әр қиырында баршылық. Бүгінгі кейіпкеріміз солардың бірі де бірегейі. ҚазАқпарат тілшісі 1937 жылы Ақмола облысындағы Зеренді ауданының Еңбекбірлік ауылында дүниеге келген Қазима Хасенова жайлы баяндайды.