2026 жылға қарай Қазақстан жылына жарты млн машина шығаруы керек – министр
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстан автомобиль нарығында басты ойыншы бола ма деген сұраққа жауап берді. Ведомство басшысы өткен жылы елде 100 мыңнан астам жеңіл автокөлік жиналғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.