Маймыл шешегіне қатысты төтенше жағдай режимі аяқталды – ДДСҰ басшысы
ЖЕНЕВА. ТАСС – ҚазАқпарат – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус әлемде mpox («эмпокс» - маймыл шешегінің жаңа атауы) сырқаты бойынша төтенше жағдай режимі аяқталғанын мәлім етті. Женевада өткен брифингіде сөз сөйлеген ұйым басшысы мұндай шешім сырқаттар саны 2022 жылдың шілдесімен салыстырғанда айтарлықтай азайғаннан кейін қабылданғанын айтты. Дәл сол кезде әлемдік денсаулық сақтау жүйесінде төтенше жағдай режимі енгізілген еді. ҚазАқпарат бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.