Ерлан Омарбеков Шығыс Қазақстан облысының бас полицейі болды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.