Кейінгі 5 жылда интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстар саны 40 есе өсті
АСТАНА. ҚазАқпарат – Соңғы 5 жылда интернет-алаяқтық қылмыстарының саны 40 есе өсті. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.