Келер жылдан жол-көлік оқиғасына қатысты дауларды полицейлердің қатысуынсыз шешетін норма енгізіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат – Келер жылдан бастап жол-көлік оқиғаларын полицилердің қатысуынсыз дербес шешуге мүмкіндік беретін жаңа норма енгізіледі. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.