Баспасөз хатшыларына арналған әдістемелік кітаптар дайындалып жатыр – министр
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада мемлекеттік қызметшілердің қоғаммен байланысын жақсарту мақсатында «Көпшілік алдында сөйлеу. БАҚ-пен өзара әрекеттесу» тақырыбындағы үш күндік семинар басталды. Іс-шараның алғашқы күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.