Аюсай шатқалындағы «Мың көз» соқпағына салынған петроглифтер бүлінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Аюсай шатқалындағы «Мың көз» соқпағына салынған петроглифтерді вандалдар бүлдіріп кетті. Бұл туралы «Аюсай» визит - орталығының баспасөз қызметі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.