Талдықорғанда қызды жабылып ұрған құрбылардың біріне сот үкімі шықты
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Талдықорғанда үш құрбы 15 жастағы қызды жабылып ұрып, желіні шулатқан болатын. Төбелескен оқушы қыздардың бірі сот шешімімен девианттық мектепке ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.