Мемлекеттік органдар кәсіби маманды басшылық лауазымға конкурстан тыс тарта алады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Jibek Joly телеарнасындағы «Жаңа уақыт» бағдарламасына сұхбат берген Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов мемлекеттік қызметке қабылдау талаптарына қандай өзгерістер енгізілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.