Қазақстан мен Қытай ЖОО-лары теміржол кадрларын бірлесіп даярламақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің делегациясы Сиань теміржол кәсіптік-техникалық институтында болып, машина жасау, көлік және логистика салалары бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.