Смайылов ЕҚДБ және ЕИБ басшылығымен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады
![Смайылов ЕҚДБ және ЕИБ басшылығымен жаңа инвестициялық жобаларды талқылады](https://www.inform.kz/radmin/news/2023/05/19/230519160020087e.jpg)
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өткен «Еуропалық одақ – Орталық Азия» екінші экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассо және Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) вице-президенті Тереза Червинскаямен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.