Президенттің Қытайдағы үшкүндік мемлекеттік сапарының негізгі нәтижелері
СИАНЬ. ҚазАқпарат – Үшкүндік мемлекеттік сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, ірі кәсіпорын басшыларының басын қосқан жиындарға, «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысты. ҚазАқпарат сол кездесулер мен келіссөздерде, маңызды басқосуларда қандай уағдаластықтар жасалғанына шолу ұсынады.