Шығысқа барып шомыламын десеңіз: ШҚО-да суға түсуге болатын қандай орындар бар
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Жаз келіп, күн ысыған шақта еңбек демалысын алған жұрт өзен-көлдің жағасына ағылатыны белгілі. Әсіресе Шығыс Қазақстан облысындағы су айдындары көпті өзіне баурап, менмұндалап тұрады. Бірақ қазір суы шипа, балшығы ем Алакөл жаңадан құрылған Абай облысына қарап кеткен. Алайда өңірде әлі де туристерді тартатын демалыс орындары аз емес. ҚазАқпарат тілшісі осы мақалада оқырманды сол жерлермен таныстыруды жөн көрді.