Қазақстандық сейсмологтар Қытайдағы жер сілкінісін тіркеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Сейсмикалық стансалар желісі 21 мамырда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 430 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сайтына сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА хабарлайды.