Елімізде әр отбасының қаншалықты бақуатты тұратынын айқындайтын әдістеме жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламасымен бірлесіп отбасының әлеуметтік әл-ауқатын айқындау әдістемесін әзірледі. Бұл азаматтарға Отбасының цифрлық картасы арқылы әлеуметтік қолдау шараларын проактивті ұсынуға негіз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.