Қарағандылық оқушы «Жусан иісі» шығармасы негізінде үстел ойынын құрастырды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 7-сынып оқушысы Ақнұрай Амангелді Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесі негізінде «Білім батл» үстел ойынын құрастырды. Аталмыш шығарма жалпы орта және Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына енгізілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.