XXI ғасыр қаласы (тарихнамалық деректер)
Тəуелсіз Қазақстанның елордасы – Астана қаласы. Ол кеңбайтақ Отанымыздың жүрегінде, халқымыз қасиет тұтып, қастерлеген қасиетті Сарыарқадағы Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ауа райы – шұғыл континентальды: қаңтар айындағы орташа температурасы 17,4 градус суық болса, шілдеде бұл көрсеткіш 20,3 градус жылыға дейін көтеріледі. Жыл бойына орта есеппен 335 мм қар мен жаңбыр жауады.
Қаланың негізі 1832 жылы қаланған. Сол жылы патшалық Ресей Қараөткел өңірінде Ақмола округтік приказын ашып, оның орталығын Ақмола деп атау жөнінде шешім қабылдайды. Кейін бұл əскери бекет округтік қала (1863), уезд орталығы (1868) атанды. 1961 жылы қаланың аты Целиноград болып өзгертілді. 1960-1965 жылдары Ақмола облысының жəне тың өлкесінің...