ТЖД Астанадағы жарылыстың алдын ала себебін атады
Астананың Төтенше жағдайлар департаменті "Хан шатыр" сауда үйі маңында салынып жатқан тұрғын үй кешеніндегі бірқатар жарылыстың алдын ала себебін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"23 мамырда сағат 16:28-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Мұхамедханов көшесіндегі жаңадан салынған нысанда өрт шыққаны туралы келіп түскен хабарламаға барды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетті.
Үш газ баллоны жарылғаны анықталды, сондай-ақ 15 рулон шатыр материалы жанған. Өрт сөндірушілер өртті сағат 16:45-те ауыздықтады. Өртті сөндіруге Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 19 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды", - деді ТЖД өкілдері.
Астана денсаулық сақтау басқармасы оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін растады.
if(window.innerWidth>480) {
window.yaContextCb.push(() => {
Ya.adfoxCode.createAdaptive({
ownerId: 264109,
containerId: 'adfox_160136414229977809news351068',
params: {
pp: 'g',
ps: 'cxuf',
p2: 'gyph',
insertAfter: "undefined",
insertPosition: "0",
stick: true,
stickTo: "bottom-right",
stickyColorScheme: "light"
}
}, ['desktop', 'tablet'], {
tabletWidth: 830,
phoneWidth: 480,
isAutoReloads: false
});
});
}else{
window.yaContextCb.push(()=>{
Ya.adfoxCode.createAdaptive({
ownerId: 264109,
containerId: 'adfox_160136414229977809news351068',
params: {
pp: 'i',
ps: 'cxuf',
p2: 'gypi'
}
}, ['phone'], {
tabletWidth: 830,
phoneWidth: 480,
isAutoReloads: false
});
});
}
"Асыл мұра" құрылыс алаңындағы оқиғаға BI Group құрылыс компаниясы да пікір білдірді.
"Салынып жатқан "Асыл мұра" нысаны, С блогында шатырды жабу жұмыстары кезінде өрт шықты. Оқиға орнына дереу өрт сөндіру қызметі шақырылды. Оқиға ошағы анықталды. Барлық жұмысшы эвакуацияланды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғимараттың тірек құрылымдары зақымдалған жоқ", - деп түсіндірді компания өкілдері.
Қазір оқиғаның себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
"Компания тергеуге барлық қажетті көмекті көрсетеді. Өрттің ресми себептері мән-жайы анықталып, тексерулер аяқталғаннан кейін белгілі болады. Холдинг еңбекті қорғау және қауіпсіздік саласындағы саясат пен барлық процедураны қатаң сақтайды", - деп сендірді компания.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!