Абай облысындағы өрт: бірнеше елді мекенге қауіп төнді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы уақытта Абай облысындағы 3 учаскеде өртті сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өрттің таралуы тоқтатылды, өрт сөндіру жекелеген ошақтарда жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.