«Бурабай» ұлттық паркіндегі Аскания бұғыларының саны 1,5 мыңнан асты
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары жүргізген санақ қорытындысы бойынша, биыл қорықтағы Аскания бұғыларының саны 1512 басқа жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.