Астанада 700 тонна қоқыс үйіндісіне себепкер болған кәсіпкерге айыппұл салынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде қоқыс толы камазды байқады. Машина қалдық төгу үшін бос жерге қарай бет алған. Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақта пайдаланылған құрылыс материалдарын шығару фактісі тіркеліп, табиғат қорғау полициясына берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.