Мұзтау шыңына шыққыңыз келсе: Катонқарағайдың көз тоймас жерлеріне қалай жетуге болады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Мұзтау шыңы – еліміздің киелі жерлерінің қатарынан орын алған. Мұнда уақыт бір сәтке тоқтап қалады деседі. Себебі бұл аспанмен астасқан өр Алтайдың ең биік нүктесі. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы маңғаз жатқан Мұзтау мен Көккөл сарқырамасына қалай жетуге болатыны қызықтырса осы мақаламызды оқыңыз.