Шайбалы хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионаттары қайда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2024 жылы шайбалы хоккейден барлық дивизион бойынша әлем чемпионаттарының өтетін орны мен уақыты белгілі болды. Бұл шешім Финляндияның Тампере қаласында ұйымдастырылған Халықаралық хоккей федерациясының жыл сайынғы конгресінде жарияланды. ҚазАқпарат бұл туралы Қазақстан хоккей федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.