30 мамыр күніне ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің тек солтүстік-батысында, оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Республика бойынша екпінді жел сақталады, батыста және оңтүстікте шаңды дауыл соғады. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.