Бірнеше қаладағы жылу электр орталықтарында апат қаупі бар
ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Риддер, Екібастұз, Теміртау, Жезқазған, Ақтау және Кентау қалаларындағы ЖЭО-да апат қаупі бар. Бұл туралы Екібастұз қаласында өткен жылу энергетикасы мәселелері жөніндегі көшпелі отырыста айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.