Астана-1 теміржол бекетінде тырысқақ ауруының алдын алуға арналған жаттығулар өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – 31 мамыр күні Астана-1 теміржол бекетінде тырысқақ ауруының белгілері бар науқас анықталған жағдайда орындалуы тиіс іс-шараларды пысықтау жаттығулары жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне сілтеме жасап.