Лиллис: Тоқаев "Назарбаевтан арылуды" жалғастырып, назарды басқа жаққа бұрып жатыр
"Елде "Назарбаевтан арылу" жалғасып жатыр, бірақ Тоқаев экс-президент мұрасының түбегейлі күйреуіне әзірге жол бере алмайды" дейді Алматыда тұратын британ журналисі Джоанна Лиллис. "Назарбаевтан арылудың" келесі қадамдары қандай болмақ? Жеке басқа табыну түбегейлі жойыла ма? Экс-президент активтерді қайтару заңы бойынша нысанаға іліне ме? Азаттық 18 жылдан бері Батыс басылымдарына Қазақстан туралы жазып жүрген британ журналисі, "Қара көлеңке: Қазақстанның құпия әлемінің ішінде" (Dark Shadows: Inside the Secret World of Kazakhstan) кітабының авторы Джоанна Лиллистен сұхбат алды.