Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июль
2023

Франциядағы тәртіпсіздіктің себептері мен салдары. Оқиға қалай өрбіді?

0
Франциядағы тәртіпсіздіктің себептері мен салдары. Оқиға қалай өрбіді?

Франциядағы тәртіпсіздік бір аптаға ұласып, бәсеңдей бастады. Арғы тегі африкалық жасөспірімнің полиция қолынан қаза тапқаны жастардың наразылығын тудырып, олар көліктерді өртеп, сауда орындарын, мемлекет мекемелерін бүлдірді. Тәртіпсіздік кезінде Париж түбіндегі қалада мэрдің  отбасы жапа шекті. Жағдай ушыққанда марқұмның әжесі жастарды сабырға шақырды. Жастардың бұл тәртіпсіздігі дұрыс емес, бірақ елде нәсілшілдік бары рас дейтіндер көп.

27 маусым күні таңертең Парижде екі полиция офицері 17 жастағы Нахель Мерзук жүргізген көлікті тоқтатқан. Жүргізуші қашпақ болғанда, полицейлер оқ атып, Мерзук қаза тапқан. Оқиғаның видеосы тарағанда, полицияның күш қолданғанына жүргізушінің ұлты себеп болды деген жастар наразылыққа шығып, арты тәртіпсіздікке ұласты. Ата-бабасы Алжир мен Мороккодан шыққан Мерзук Францияда туып-өскен. Сол елдің азаматы.

Нахель Мерзук Париждің Нантер дейтін шеткі ауданында тұрған. Қазір бұл ауданда өртенген көліктердің қаңқасы, еріп кеткен қоқыс контейнерлері мен "Нахельге әділдік" дейтін граффити жазбалары көп.

38 жастағы Софиана Associated Press тілшісіне өртеніп кеткен әткеншекті көрсетіп, күрсінетінін айтты.

"Мұндай бүлдіруге көнуге болмайды. Бірақ біз [полицияның] жосықсыз тінтулерін де құптамаймыз. Олар тексеру кезінде "Мишельмен" қалай сөйлессе, бізбен де солай сөйлесуі керек" деді ол ақпарат агенттігінің тілшісіне.

Сол маңда тұратын 52 жастағы Фатиха Абдуни "Қирату мен бүлдіруді қолдамаймын, ондайды кім қолдаушы еді? Бірақ қазір біз жастардың мұңы мен ашуына құлақ асуымыз қажет" деді.

Тәртіпсіздікке көбіне Париждің жұмысшылар ауданында тұратын, ата-бабасы осы елге иммигрант болып келген жасөспірімдер қатысқан. Олар елде нәсілшілдік пен дискриминация кең етек жайған деп, наразылық танытқан. Ішкі істер министрлігінің айтуынша, өртенген көліктер мен бүлінген ғимараттар арасында 99 әкімшілік мекемесі бар. Демалыс күндері Париж түбіндегі Л'Э-ле-Роз дейтін қалашықтың мэрі тұратын үйге шабуыл жасалып, қалашық басшысының әйелі жарақат алған, үйде оның кәмелетке толмаған екі баласы болған.

Полиция бұл жайтты кісі өлтіруге талпыныс деп тергейтінін мәлімдеді.

БИЛІКТІҢ РЕАКЦИЯСЫ

"Менің отбасыма өліп қаупі төнеді деп ешқашан ойламаппын" деп келтірді қалашық мэрі Венсан Жанбрунның сөзін Associated Press агенттігі. "Біз бүлікшілердің, кісі өлтірушілердің шынайы келбетін көрдік. Франция мен "демократияның өзі" осы бүлік күндері шабуылға ұшырады. Бұл ұзаққа бармайды".

Өткен аптада Франция президенті Эммануэль Макрон тәртіпсіздіктің ушығуына әлеуметтік желі кінәлі деп, ата-аналарды жасөспірім балалары үшін жауапкершілік танытуға шақырды.

Франция полициясы тәртіпсіздікпен күреске 45 мың қызметкерін жұмылдырған. AFP ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жұмадан бері 3900 адам ұсталған, оның ішінде 1244 жасөспірім болған.

Ашық көздердегі ақпаратқа қарағанда, тәртіпсіздік кезінде 5 мыңнан астам көлік, мыңнан астам ғимарат бүлінген.

Франциялық AFP агенттігінің хабарлауынша, тәртіпсіздік кезінде Париждің өзінде қоғамдық көлікке 21,8 миллион долларға шығын келген. Medef бизнес қауымдастығы бизнеске "миллиард доллардан астам" шығын келген.

Жексенбі, 2 шілде күні марқұмның әжесі Надия бүлікшілер Нахельдің өлімін "ілік" ретінде пайдаланып жатыр деп, сабырға келуге үндеді.

"Бүлік жасап отырғандарға айтарым: терезелерді шақпаңдар, мектептер мен автобустарға шабуылдамаңдар. Тоқтаңдар! Автобусқа мінетіндер – аналар, далада жүретіндер – аналар" деді ол.

НӘСІЛШІЛДІК ПЕН ДИСКРИМИНАЦИЯҒА ШАҒЫМ

Тәртіпсіздік кезінде наразылар полиция қатыгездігіне сілтейтін бұрынғы оқиғаларды да еске салды. Солардың бірі – 2005 жылғы бүлікке түрткі болған жағдай. Париждің тұрмысы төмен жұрт тұратын ауданында полиция тінтуі кезінде екі жасөспірім қаза тапқан еді. Екеуі де иммигрант отбасында туған. Сол оқиғадан кейін де үлкен наразылық болған.

"Жастармен жария түрде сөйлесетін уақыт келді. Оларға осы республиканың мүшесі екенін айту керек" деді педагог Мохамед Мешман AFP агенттігіне.

"Бастысы – балаларымызға болашаққа деген сенім мен үміт сыйлау. Тағы бір өлім бола ма деп қорқамын" деді саясаттанушы Фатима Уассак. Ол – жұмысшылар отбасында туған студенттердің ата-аналарына арналған "Аналар майданы" дейтін ұйымға тең төрайым.

Тәртіпсіздік кезінде жастар журналистермен сөйлесуге құлықсыз болған. AFP агенттігі сөзге тартқан 16 жастағы ер азамат "Нысанаға әрдайым қаралар мен арабтар, жұмысшы аудандарының тұрғындары ілінеді. Олар 17 жастағы баланы себепсіз өлтірді, бұл біздің ызамызды келтіреді" деді.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының баспасөз хатшысы Равина Шамдасани Франциядағы тәртіпсіздік жөнінде мәлімде жасап, "Мемлекет құқық қорғау органдарындағы нәсілшілдік пен дискриминацияның тереңде жатқан мәселелерін қозғайтын сәт келді" деді.

Ол сондай-ақ, бейбіт жиындардың маңыздылығын, қолданылған күш жасалған әрекетке парапар болуы қажеттігін атап өтті.

New York Times газетінің хабарлауынша, Нахаль Мерзук анасының жалғыз баласы болған. Ол жергілікті регби тобында ойнаған. Отбасының адвокаты жергілікті БАҚ-қа Мерзуктің соттылығы болмағанын айтқан. Бірақ Нантердің бас прокуроры Паскаль Праченің айтуынша, марқұм былтыр қыркүйекте полицияның көлікті тоқтату жөніндегі бұйрығына бағынбағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Баспасөз мәслихаты кезінде Праче 27 маусымда Мерзук сары түсті Mercedes AMG көлігін жүргізгенін, көліктен "қауіпті" зат немесе заңсыз есірткі табылмағанын айтқан.





Губернаторы России
Москва

Собянин объявил о начале сборки «Москвича» по технологии полного цикла





Москва

«СВЯТОЙ ЛЕНИН» помогает Государственной Думе РФ оптимизировать налоговую сферу. «СВЯТОЙ кибер ЛЕНИН» удаляет налоги: перезагрузка.


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин рассказал, как можно посетить экскурсии в зданиях посольств разных стран



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Сергей Арутюнов

Сергей АРУТЮНОВ на своём сольном концерте в Государственном Кремлёвском Дворце презентовал дуэт с Родионом Газмановым. Артисты вместе исполнили хит “Люси”




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

Собянин рассказал о ходе строительства Троицкой линии метро

Псковичи стали призерами соревнований по вольтижировке в Москве

Заммэра Москвы Ефимов: набережная в Южном порту увеличится в 1,5 раза


WTA

Павлюченкова не смогла выйти в третий круг турнира WTA 1000 в Риме



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Амурские семьи могут попасть в кино и отправить особенную открытку благодаря душевному проекту



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России