Журналист деген кім?
Журналист мамандығы - қиындығы мен қызығы мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала. "Журналистика" термині француз тіліндегі "journal" сөзінен шыққан. Бұл "күнделік", "журнал" деген мағынаны білдіреді. Журналист қоғамдағы жақсылық атаулының жер-жебіріне жететін қаламгер, қайраткер. Халық журналист мамандығын "екінші көне" мамандық деп атап кеткен. Дегенмен, сөздің жаны бар. Өйткені ежелде журналистер патша жарлығын халыққа жеткізу үшін қызмет ететін.
Журналист болу - мақсаткер, талапшыл әрі тез тіл табысқыш, тек қана ақиқатты айту деген сөз. Журналист - бұл жаза алатын адам. Журналистика саласы - тек ақпаратты айту мен шектелмейді, бұл шынайы түрде, бар көңіліңмен, сезіммен, бойыңдағы бар болмысыңмен, құлшынысыңмен жаза алу. Нағыз репортерлік...