Билікті "қарызға мақтаған" алғашқы оппозиция қалай бөлшектенді?
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан оппозициясы мен саяси партиялар қандай болған? Биліктің оппозиция туралы бағыт-бағдары қалай өрістеді? Оппозицияның ауқымды митингісінен билік неге тайсалды? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизодында сол уақыттағы саяси өмір сипатталады. 31 жыл бұрынғы Азаттық радиосы хабарларының аудио-жазбаларын пайдаланып, сол кездегі Азаттық журналистері мен кейіпкерлерінің дауысын тыңдауға болады.