Транскаспий көлік дәлізін әрі қарай дамытамыз – Президент
ЖИДДА. ҚазАқпарат – Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін одан әрі дамытуға баса мән береді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесінің» бірінші саммитінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.