Мы в Telegram
Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Июль
2023

"ҰҚК полковнигін өлтірді" деп 16 жылға сотталған Жұманов оққа сараптама жүргізуді сұрады

0

Бүгін, 28 шілдеде Тараздағы Қаңтар оқиғасы кезінде "ҰҚК подполковнигі Дастан Әділбайды өлтірді", "қару-жарақ ұрлады және сақтады" деген айыппен 16 жылға сотталған Ербол Жұманов пен өзге бес адамның апелляциялық шағымы бойынша сот өтті. Сот отырысы № 67 мекемеде (СИ-13) болды.

Сот кезінде Жұманов Қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ алғанын тағы бір мойындады. Бірақ сот алқасынан "Құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қол сұғу" бабын алып тастауды сұрады.

– Қаңтар кезінде көпшілікпен көшеге шыққаным рас, бірақ ешкімді атпадым. Тергеу мен алғашқы сот инстанциясында менің кінәмді дәлелдейтін бірде-бір айғақ болмады, – деді Жұманов.

Бұған дейін сот отырыстарының бірінде Жұманов "қаруды сағат 16.00-де алдым, ал қаза тапқан ҰҚК полковнигіне оқ 15.18-де тиген" деп еді. Жұмановтың ағасы Ержан Жұманов та бірінші сатыдағы сот кезінде "іске тіркелген видео монтаждалғанын, ондағы уақыттар әртүрлі екенін" айтқан. Бірақ судья бұл уәжді елеусіз қалдырған.

28 шілдедегі сот отырысында сотталушы Жұманов апелляциялық сот алқасынан марқұм ҰҚК подполковнигінің киімін тексеруді, оған тиген оққа сот-баллистикалық сараптама жүргізуді және осы іс барысында сұралған куәгерлерден қайта жауап алуды сұрады. Сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов Жұмановтың өтініші "мұқият қаралатынын" айтты.

– Сот алқасының төрағасы [полковникке тиген] оққа сараптама жүргізіле ме, жоқ па – нақты айтпады. "Алдағы отырыста қарастырамыз" деді. Бірақ келесі сот отырысына оққа сот-баллистикалық сараптама жүргізген екі маманды алдыртуға келісті, – деді Жұмановтың адвокаты Жалғас Сапарханова Азаттыққа.

Адвокат Сапарханова сот алқасына бірнеше өтініш түсірді. Сот алқасы оның кейбірін қанағаттандырды. Судьялар оқиға орнында болған екі әскериді сот залына шақыртуды, Жұмановқа тиесілі телефон нөмірін сараптау бойынша өтінішті мақұлдап, істегі видеоайғақтарға сараптама жасау, оқиға орнында болған 18 әскери қызметкерден жауап алу жайлы өтінішті қанағаттандырмады.

24 маусымда Жұмановтың тергеу изоляторында қысымға шыдамай өзіне қол салғаны хабарланған. Мұны түрме әкімшілігі де растап еді.

– Басында қысым болды. Қазір бәрі жақсы. Адвокат арыз жазғаннан кейін қысым тоқтады. Талабым сол – кінәсізбін. Сот шешеді қалай болатынын, не болатынын. Бірақ бұл сотқа да сенімім жоқ, сенім арта алмаймын, – деді Жұманов 28 шілдедегі сот отырысы кезінде Азаттыққа.

Айбол Сағынтай мен Жақсылық Абдуллаев Қаңтар оқиғасы кезінде алаңға шыққандарын мойындап, соттан "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру" бабын алып тастауды сұрады. Ал Нұрахан Махатов өзін толықтай ақтауды сұрады.

28 сәуірде Тараз соты "қаруды заңсыз иемденді", "билік өкіліне күш көрсетті", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және оған қатысты" деген айыппен тоғыз адамды соттаған. Ербол Жұманов – 16 жылға, Нұрахан Махатов пен Айбол Сағынтай – 6 жылға, Жақсылық Абдуллаев 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Іс бойынша сотқа тартылған өзге бес адам – Қанат Нұраханұлы, Ермахан Сайлауов, Дәурен Нұрәлиев, Досмұхаммед Садықов пен Саламат Қосанов рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босап шыққан.

Келесі сот отырысы 11 тамызға белгіленді.





Губернаторы России
Москва

Собянин: трасса из Солнцева до Варшавского шоссе откроется в 2026 году





Москва

В Подмосковье сотрудники Росгвардии задержали подозреваемого в краже товаров из магазина


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Собянин: Трасса Солнцево — Бутово — Варшавское шоссе будет готова в 2026 году



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Олег Лундстрем

«Борис Фрумкин – 80!»: Государственный камерный оркестр джазовой музыки имени Олега Лундстрема отпраздновал юбилей своего худрука большим концертом




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

ТАСС: Паралимпийский комитет России провел урок и мастер-классы для участников СВО

Сделано в СССР. Первое историческое ралли в Москве стартует 2 июня

ЦСКА разорвал дистанцию // Армейцы увеличили преимущество в финальной серии Единой лиги ВТБ


Андрей Рублёв

Абсцесс остался позади // Андрей Рублев первым из игроков топ-10 вышел во второй круг



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

Количество заболевших коронавирусом выросло на 3,1 процента



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России