Инклюзивті білім беру
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы
Мәдениеттану 2 курс студенті Әріпбек Диана
Жетекші аға оқытушы Кудерина А.Н
Қазіргі таңда қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық ауытқулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтыруда. Ел өмірінің қай кезеңіне көз жіберсек те, балалар тағдыры кімді болса да бейтарап қалдырмай, өзекті мәселенің бірі болғаны белгілі. Үлгермеуші балаларды анықтауда дұрыс диагностика жүргізу, оларды табысты және нәтижелі оқытуға, ал болашақта әлеуметтік ортаға бейімделіп кетуіне жағдай тудыратын арнайы топтарға орналастыру-қазіргі уақыттағы аса маңызды әлеуметтік және педагогикалық мәселе болып табылады....