«Елорда жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Қазақстанда жеңілдетілген ипотекалық несиелеудің жастар бағдарламаларын іске асыру жалғасуда. 2024 жылғы 1-6 ақпан аралығында Астана қаласында «Елорда жастарына» қатысуға өтінімді қабылдау басталды. Елордада тұрақты тіркеуде 1 жыл тұрған 35 жасқа дейінгі қазақстандықтар birge.astana.kz порталы арқылы онлайн өтініш бере алады.