Жұмбақ қалалар
Жұмбақ қалалар, Қалалар туралы жұмбақтар, жұмбақтар жауабымен, жұмбақтар жинағы
Халық қалап,
Көш ұлы –
Қала болды шешімі.
Мағжан атам жазғандай,
«Екі дүние есігі».
(Түркістан)
Бұл қаланың сыйы осы –
Ұнар көпке жүйесі.
Елімдегі алғашқы,
«Үлкен көпір» иесі.
(Семей)
Көркем қала, ән қала,
Метросы бар қала.
Ұқсастырып қойыпты,
Атын оның алмаға.
(Алматы)
Толықтырар шаһарым,
Көне қала қатарын.
Облыс атауы атында,
Әйгілі ақын атаның.
(Тараз)
Көшесінен көрікті,
Мұнайшы көп жолықты.
Былтыр ғана бұл қала,
Елу жасқа толыпты.
(Жаңаөзен)
Ару қалам – аялы-ақ,
Көп таңғалдым аралап.
«Ханшатырда» ойнадым,
«Бәйтеректі» саялап.
(Нұр-Сұлтан)
Көксіз, талсыз айнала,
Қала екен-ау жәй ғана.
Есесіне бәрінен,
«Қара алтынға» бай қала.
(Атырау)
Ғимараты не түрлі,
«Көне музей секілді».
Іздер...