Жаңа Құрылыс кодексі: Жоспарлы инспекциялау тетігі енгізілмек
АСТАНА. KAZINORM – Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарына заң бұзушылық орын алған құрылыс нысанындағы жұмыстарды тоқтату құқығы берілмек. Бұл туралы бүгін Мәжілісте жаңа Құрылыс кодексін талқылауға арналған сарапшылық кездесуде Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин айтты.