Өзбекстанда 11 мың құрылыс компаниясында тек 1 қызметкер ресми тіркелген
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстандағы жалпы саны 34,5 мың құрылыс компаниясының 10,9 мыңы есеп құжаттарында кәсіпорында тек 1 қызметкер жұмыс істейді деп көрсеткен. Бұл туралы кәсіпкерлерге арналған семинар барысында сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Даврон Вахабов айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.