Ресей президенті лауазымына төрт үміткер таласқа түседі
АСТАНА. KAZINFORM - Ресей Федерациясының президенті лауазымына РЛДП жетекшісі Леонид Слуцкий, РФ Коммунистік партиясының мүшесі Николай Харитонов, қазіргі мемлекет басшысы, өзін-өзі ұсынған Владимир Путин және «Новые люди» партиясының мүшесі Владислав Даванков таласады, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.