Алматыда балалар арасында туберкулез ауруы көбейген
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда былтыр 14 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулездің 23 жағдайы анықталды, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 36,7%-ға көп. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлім етті.