Қыздан сорлы пенде бар ма?
Қазақ қоғамында әлі күнге дейін белең алып келе жатқан, шешуі қиын шырбаудай болған мәселе – қыз тағдыры. Басылымның шыққанына бір ғасыр болса да, мақала өзектілігін жоғалтпаған. Неге?
Құдайдан айналайын қыз қылмаған,
Сүйегім қызды көрсе қызғындаған.
Дүниеде қыздан сорлы пенде бар ма,
Пұлындай саудагердің тозғындаған... – деп жазылған мына өлең жолдары қазақтың қоғамдық және рухани санасын оянуына үлкен үлес қосқан «Айқап» журналында «Қатын алу, ерге шығу» мақаласында қазбаланған еді. Қазақ қоғамында әлі күнге дейін белең алып келе жатқан, шешуі қиын шырбаудай болған мәселе – қыз тағдыры. Басылымның шыққанына бір ғасыр болсада, мақала өзектілігін жоғалтпаған. Неге десеңіз, тағдырмен таласып, ғасырлармен қанаттасып, жылдармен жалғасып, заманмен дәріптеліп келе жатқан қазақы тәриемізде ер мен әйелдің жынысына қарай өзіндік орнын айшықтап бөлген. Біздің қоғамда ердің орны түз, ер басшы, ал әйелдердің рөлі үй тіршілігі мен бала тәриелеумен шектелгені рас. Қыз баласы көз ашып, бой жеткенге дейін қатаң тәриеде...