Отбасыдағы ұрыстың балаға әсері
Отбасыдағы ұрыс әрбірімізге үйреншікті болғанымен, балаға тигізер зияны сан алуан болуы мүмкін. Ал ата-ана балаға тиер зиянды азайту мақсатында өзін қалай ұстауы керек?
Үйдегі жәйт баланың дамуы, психикасы мен денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мұнда тек бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас маңызды емес.
Ата-ананың бір-біріне деген қарым-қатынасы бала өмірінде елеулі рөл атқарады. Қазіргі кішкентай ойлау жүйесі арқылы, сіздің әрбір ісіңізді өнеге тұтып, өз болашағын сіз арқылы қалыптастырады. Әке мен шеше арасындағы қарым-қатынас баланың жетістігі мен жарқын өмірінің кепілі.
Көп жағдайда үйдегі ұрысты елемей жатамыз. Бірақ ата-ана арасындағы үздіксіз жанжан, сезім мен сенімнің, сыйластық пен махаббаттың жойылуы бала көңіліне кері әсерін...